Коронавируспен ауырған 229 адамның жағдайы ауыр

04 желтоқсан 2020, 10:12

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 14 000 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр.
«Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 229 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 34 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған» делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Өткен бір тәулікте коронавирус 819 адамнан анықталды. Жазылып шыққаны &ndash 639 науқас. Коронавирус белгісі бар пневмония 225 адамнан анықталды.

aikyn.kz