Ел жаңалықтары

Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды

  • Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды

    Коронавирусты емдейтін алғашқы дәрі жасалды

Польша сенаторы Гжегож Челейдің айтуынша, халық тарапынан түсетін ұсыныстардың негізінде дәрінің ресми атауы рәсімделеді
Польша мамандары әлем бойынша алғаш рет коронавирусқа қарсы тиімді дәріні шығарғанын мәлімдеді. Бүгінде жаңа препараттың клиникалық сынақтарына дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Onet сайты.

Медициналық препарат коронавируспен ауырып шыққан адамдардың қан плазмасынан жасалып отыр. Клининалық сынақтар Люблин, Бытом, Белосток пен Варшава орталықтарында өтеді. Сол кезде коронавирусқа қарсы жаңа дәрі 400 пациентке егіледі.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 қыркүйекте COVID-19-ға қарсы алғашқы препаратты өндіру жұмыстары аяқталды. Соның аясында anti-SARS-CoV-2 иммунды глобулиннің үш мыңнан астам ампуласы шығарылды. Мамандар алдымен сапасын тексеріп, арнайы тесттер жасайды. Одан кейін оны клиникалық сынақтарға жібереді. Алдын ала зерттеулер жаңа препараттың тиімділігін растады.

"2020 жылдың төртінші тоқсанында коммерциялық емес клиникалық сынақтар үшін препараттың тағы бір партиясы шығарылады", - дейді Biomed Lublin S.A. компаниясының басшысы Марцин Пирог.
Польша сенаторы Гжегож Челейдің айтуынша, жаңа препараттың атауы жоқ. Халық тарапынан түсетін ұсыныстардың негізінде дәрінің ресми атауы рәсімделеді.

"Біз бірінші болып COVID-19-ға қарсы препаратты шығардық. Дәрінің құрамында антиденелер бар. Олар SARS-CoV-2-ні жоя алады. Жаңа препарат коронавирустан жазылып шыққан поляк азаматтарының арқасында жасалды. Сондықтан поляктар оны бірінші болып алады және оның атауын ойлап табуға міндетті. Біз ұсыныстарды күтеміз", - деді Челей арнайы баспасөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты жазылып шыққан адамдардың қан плазмасымен емдеуді мақұлдаған болатын.
 
 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31