Екі жылдан бері мутацияға ұшырап келе жатқан коронавирустың Қазақстанда да жаңа штаммы пайда болуы мүмкін. ҚР денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жаңа штамның пайда болу ықтималдығын ешкім жоққа шығармайды. Коронавирус соңғы екі жылдан бері мутацияға ұшырап келеді. Оның үнемі мутациялануына біз де үлес қосып жатырмыз. Егер де барлығы бір уақытта вакцина салдырса, қорған қойса... Вакциналау процесі неғұрлым ұзақ болған сайын, вирус түрлі мутацияға ұшырай береді", – деді Есмағамбетова.
"Ал біз вакцина салмай немесе ревакциналаудан өтпей, оған мүмкіндік береміз. Яғни мутациялану ықтималдығы әрқашан бар. Мемлекеттердің бірінде мутацияланса, мысалы үнді штамы болды, бізде де пайда болуы мүмкін", - деп түсіндірді Есмағамбетова.