Ел жаңалықтары

«Коррупциялы футболды тастау керек». Блогер негізгі күшті футболға емес, бұқаралық спортқа салу керек екенін айтады

  • «Коррупциялы футболды тастау керек». Блогер негізгі күшті футболға емес, бұқаралық спортқа салу керек екенін айтады

    «Коррупциялы футболды тастау керек». Блогер негізгі күшті футболға емес, бұқаралық спортқа салу керек екенін айтады

«Өзбекстанмен санасуды қою керек. Қайта бауырлас ел үшін қуану керек. Олар шамамен 5 «алтын» алып шығады Олимпиадада. Бізде біреу жұлып шықпаса қиын. Қолаларға мәз боламыз». Бұл қоғам белсендісі Аршат Ораздың Facebook парақшасында білдірген пікірі. Ол негізгі күшті футболға емес, бұқаралық спортқа салу керек екенін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Себеп неде? Себеп коррупция мен дұрыс жолға қойылған стратегияда. Өзбектер бәленбай жылғы спорт стратегияларының нәтижесін енді алады. Футбол, бокс, жекпе-жек түрлері бойынша нақты бағдарламалары болды, енді жемісін жинайды. Бізде спортқа бөлінген ақша дұрыс реттелмейді, көбі түк нәтиже әкелмейтін футболға кетеді. Қалған спорт түрлері дұрыс дамымайды. Содан кейін сырттан легионер әкеледі. Сондай легионерлердің екеуі мысалы, теннистегі Путинцева мен Шведова. Екеуі де матч аяқтамай, тастай салды. Не үшін барды? Қазақстан үшін олар барын сала ма?», деп күйінеді ол.

Блогер коррупциялы футболды тастау керек, деген пікірде. 

«Бүгін өзіміздің қазақстандық Сон сілкті де, қол қойды! Осындай өз балаларымызға жағдай жасауымыз керек. Коррупциялы футболды тастау керек. Бұқаралық спортты дамыту керек», дейді Аршат Ораз.

Айта кетейік, бірер күні бұрын өзбекстандық таэеквондошы Улугбек Рашитов  Өзбекстан қоржынына алғашқы алтын медальды салған болатын.




Көрілген: 2619    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 16:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30