Ел жаңалықтары

Көшелерде жедел көмек шақыруға арналған «SOS түймешігі» орнатылады

  • Көшелерде жедел көмек шақыруға арналған «SOS түймешігі» орнатылады

    Көшелерде жедел көмек шақыруға арналған «SOS түймешігі» орнатылады

Еліміздегі қалалардың көшелеріне және қоғамдық орындарда «SOS түймешігі» жедел шақыру құрылғысы орнатылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшелерде және қоғамдық орындарда «SOS түймешегі» жедел шақыру құрылғысы қойылады. Түймешікті басқан кезде құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге немесе көмек алу үшін полицияға жүгінуге болады», - деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол биыл «102» мобильді қосымшасы іске қосылатынын айтты.

«Оның көмегімен де құқық бұзушылық туралы хабарлауға болады. Өтінім беру немесе жүгіну тек телефон байланысы арқылы ғана емес сонымен бірге месенджерлердің және әлеуметтік желілердің көмегімен жүзеге асырылады», - деді Нұрділдә Ораз.




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31