Ел жаңалықтары

Қостанай әкіміне масканы иегіне дейін түсіріп қойғаны үшін айыппұл салынды

  • Қостанай әкіміне масканы иегіне дейін түсіріп қойғаны үшін айыппұл салынды

    Қостанай әкіміне масканы иегіне дейін түсіріп қойғаны үшін айыппұл салынды

Сот Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркеновке маскасын иегіне дейін түсіргені үшін 27 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Бұл сәуір айында елде төтенше жағдай режимі болған кезде болды. Әкімнің орынбасары тұрғындармен сөйлескен кезде бетпердесін түсірді. Құқық бұзушылық сәті әлеуметтік желілердің қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Полиция хаттама жасап, іс сотқа жолданды. Шенеунікке 10 АЕК - 27780 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. Төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін прокурорлардың айтуы бойынша Рүстем Қаркенов айыппұлды төлеуден босатуды сұрады. Бірақ прокуратура аппеляциялық шағым түсіріп, әкімнің орынбасары айыппұлды төлеуге мәжбүр.

"Негізінде, мен бетпердені шешкен жоқпын. Сотта мән-жайдың бәрін айттым, басқа ештеңе айта алмаймын. Негізінде, егер мұндай шешім қабылданса ... Бірақ менің пікірім - біржақты көзқарас", - деп түсіндірді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркенов.

Көшеде маскаларды міндетті түрде киюді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері 29 шілдеде мақұлдады. Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 30 АЕК - 83340 теңгені құрайды. 




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

жұма, 31.07.2020, 23:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30