Ел жаңалықтары

Қостанай облысында бес мың гектар жердегі егіс күйіп кетті

  • Қостанай облысында бес мың гектар жердегі егіс күйіп кетті

    Қостанай облысында бес мың гектар жердегі егіс күйіп кетті

Жазғы аптап ыстықта Жітіқара мен Қарабалық аудандарының астық алқабы біршама зардап шекті. Бұл туралы Хабар24 арнасы хабарлады.

Ресми мәліметке сүйенсек, 4 мың 600 гектар егін күйіп кеткен. Бұл сақтандыру ақысын алуға өтініш берген үш шаруашылықтың ғана егістік аумағы. Жалпы биылғы жылдың 5 маусымынан елімізде өсімдік шараушылығын сақтандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Берілген қысқа мерзімде көбі егістік алқаптарын сақтандырып үлгірмегенге ұқсайды. Облыс бойынша небәрі 4 шаруашылық құрылымы ғана сақтандыру шартын жасасқан. Мамандардың айтуынша, зардап шеккен алқаптары үшін олар 10 миллион тенгеге жуық сақтандыру ақысын алады. Жаңа жүйенің тиімді тұстары көп.

Жаңа сақтандыру жүйесінің артықшылығы бар. Біріншіден, бұл міндетті емес, ерікті түрде. Екіншіден, сақтандыру жарнасының жартысын мемлекет өтейді. Егер 1 мың гектар егін алқабы толық күйіп кетсе, 30 мың тенге нормативпен, ол 14 миллион 500 мың тенге сақтандыру төлемін алады, - ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Дина Хамзина.


BAQ.KZ




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.08.2020, 14:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30