Ел жаңалықтары

Қостанай облысында КВИ сынамасын өңдейтін мобильді зертхана ашылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қостанай облысының шалғай ауылдарында ПТР сынамасын тез әрі тиімді жүргізу мақсатында мобильді зертханалық кешен іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Заманауи кешен Денисов, Жітіқара, Қамысты аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Басты мақсат &ndash КВИ алынған сынамаларды тасымалдау уақытын қысқарту.

 

«Ұлттық сараптама орталығы» рмк филиалының басшысы Бауыржан Көпжасаровтың айтуынша, зертхана коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларын анықтаудың жеделдігін де арттырады. Көліктегі зертхананың қуаттылығы тәулігіне 300 зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

 

«Мобильді зертханалық кешеннің көмегімен облыс орталығынан алыс орналасқан ауылдарды қамтимыз. Сынақ нәтижесі де осы жерде белгілі болады. Бұл дәрігерлердің ғана емес, тұрғындардың да жұмысын жеңілдетіп, уақытын жеделдетеді. Көлікте 2 бокс орнатылған. Алғашқысы &ndash бөлу аймағы, мұнда сынама алынады. Одан кейін үлгілер терезе арқылы екінші боксқа жіберіледі. Онда 96 түрлі лабораториялық зерттеу жүргізілетін «биорат» аппараты орнатылған, - дейді Б.Көпжасаров.

 

Лаборатория қызметкерлері мұндай зертханалық аппараттармен бұған дейін де жұмыс істеп келді. Мобильді зертханалық кешенді басқару мақсатында мамандар Алматыда арнайы оқытудан өткен.

 

Алдағы уақытта Жітіқара қаласының мамандары да арнайы оқытудан өтіп келмек. Оларға жергілікті әкімдік қолдау көрсетіп отыр.

 

 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.01.2021, 00:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31