Ел жаңалықтары

Қостанай облысында миллиард теңгеден аса жымқыру дерегінің жолы кесілді

  • Қостанай облысында миллиард теңгеден аса жымқыру дерегінің жолы кесілді

    Қостанай облысында миллиард теңгеден аса жымқыру дерегінің жолы кесілді

Қостанай облысы шаруа қожалықтарының басшыларынан 1 миллиард теңгеден аса қаражатты жымқыру дерегінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азамат Н.Тілеубаев С.Сүлейменовпен және А.Шәмшадиновпен алдын ала сөз байласып, Қостанай облысы Арқалық өңірінің 70-тен астам шаруа қожалықтарының басшыларына бидай мен арпаны сатқаны үшін алынған ақшалай қаражатты жымқыру схемасын жасаған", - дейді агенттік өкілдері.
Н.Тілеубаев және директор А.Шәмшадинов "Зерновой Пул Казахстана-К" ЖШС атынан Арқалық өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 21 мың тоннадан астам бидай мен арпа сатып алуға кейінге қалдыру шартымен үлгілік шарттар жасасты.

"Н.Тілеубаев астықты иеленіп, "Зерновой Пул Казахстана-К" ЖШС-нің төлем қабілетсіздігінің жалған жағдайларын жасады.

Содан кейін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ақша қаражатын заңдастырды, оларды "GrainExport-NS" ЖШС кәсіпорнының айналым капиталына енгізді",- деп толықтырды агенттік.
Алаяқтық әрекеттері үшін Н.Тілеубаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, С.Сүлейменов және А.Шәмшадинов 5 жылға сотталды.




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 18:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31