Ел жаңалықтары

Қостанай облысындағы қараусыз қалған үйден адам денесінің қалдықтары салынған қап табылды

  • Қостанай облысындағы қараусыз қалған үйден адам денесінің қалдықтары салынған қап табылды

    Қостанай облысындағы қараусыз қалған үйден адам денесінің қалдықтары салынған қап табылды

Қостанай облысы Қарабалық ауданының полицейлері Белоглинка ауылындағы қараусыз қалған үйлердің бірінде полипропилендік қапқа салынған адамның сүйектерін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аlau.kz сайтының жазуынша, полицияға қорқынышты қап туралы ақпаратты жергілікті тұрғын хабарлады.

Оның айтуынша, қараусыз қалған үйді жинап жүрген кезінде қапқа сүрініп қалады. Ал қаптың ішінде не бар екенін көру үшін ашқанда, қорқып кеткен.

"26 сәуір күні Қарабалық ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының телефонына Белоглинка ауылының тұрғыны қоңырау шалып, тұрғын емес үйді жинау кезінде адамның денесінің сүйектері бар полипропилен қап тапқанын хабарлады", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының түсіндіруінше, табылған қалдықтардың 1982 жылы туған жергілікті тұрғынға (әйел) тиесілі болуы мүмкін, ол 2014 жылдың қарашасында жоғалып, осы күнге дейін із-түссіз кеткендер тізімінде болған.

Істі тергеу жалғасып жатыр. Өлім себебін анықтауға көмектесетін бірқатар сараптамалар тағайындалды. 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31