Ел жаңалықтары

Қостанайда құдықтан 3 жыл жатқан адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)



Қостанайда кәрізден 2017 жылы өлген адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақпаратты агенттік тілшісіне облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады.

«12 қазанда Қостанай қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау келіп түсті. Жеке үйдің иелері кәріз құбырынан адамның мәйітін тапқанын хабарлаған. Ерлі-зайыптылар жағымсыз иісті сезіп, кəрізді тазартпақ болған. Алайда күтпеген жағдайға тап болып, тез арада полицияға хабар берген. Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша тіркелді. Оқиға орнына 10 тәжірибелі қызметкерден тұратын жедел-тергеу тобы аттанды», - дейді И.Беженарь.

Қостанай қаласы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ербол Қарымсақовтың айтуынша, полицейлер кісі өлтірілген уақытта осы аумақта болған күдіктілерді іздестірді. Жедел уәкілдер мəйіттің жеке басын анықтауға кірісті. Тəртіп сақшылары із-түзсіз жоғалғандардың тізімін тексеріп, 2017 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен қала тұрғынын анықтады. Табылған мəйіттегі киім қалдықтары жоғалған адамның сипаттамасына сәйкес келді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың үш жыл бұрын өрттен кейін үйді қалпына келтіру үшін жұмысшыларды жалдағанын анықтады. Полицейлер аталмыш үйді жөндеуге қатысқан жұмысшыларды, күдіктілерді құрықтады. Қазіргі уақытта олар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс аясында өлген адамның жеке басын толықтай анықтауға, сондай-ақ, осы қылмыстың себептерін және күдіктілердің әрқайсысының оған қатысу дәрежесін ашуға көмектесетін төрт сараптама тағайындалды», делінген ведомство хабарламасында.




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.10.2020, 00:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30