Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанайда педофилдің құрбаны болған қыздың ағасы жоғалып кетті

27 қазан 2020, 15:23

Іздестіру жұмыстары жайлы еріктілер хабарлаған.

 
"Ганя Олек Викторович іздестірілуде, ол 2000 жылдың 23 шілдесінде дүниеге келген. 15 қазанда үйінен, Бағаналы ауылынан шығып, И.Павлов атындағы ауылға кеткен. Қостанайда болуы мүмкін", - делінді еріктілердің желідегі хабарламасында.

Белгілері: бойы 175 см, орта денелі, шашы - ақшыл сары, көзі - сұрғылт көк. Үстіне ашық көк түсті киім киген.

"Қазір екі жасақ іздестіріп жатыр: "Оныншы аймақ" және "Дос" аталатын аймақтарда.  Біз жергілікті жердің ауданында, Киев кентінде іздейміз, өйткені адамдар қоңырау шалып, оны сол жерде көргендерін айтады. Іздеуге барлығы 60-қа жуық ерікті қатысады. Әрине, барлық іс - шаралар полициямен бірге өтеді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне телефон арқылы қостанайлық еріктілер.

Сондай-ақ, еріктілер Олег Ганя Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін растады. 2014 жылы жеті жасар қыз педофилдің құрбаны болған.

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Зорланған және өлтірілген Викторияның денесін еріктілер Рудный-Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасының арқасында қылмыскердің жеке басын анықталған. Қылмыскер Денис Лесников, осыған дейін де бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырған болып шықты. Сол кезде сот үкімімен Денис Лесников өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.