Қостанайда тұрғын үй кіреберісінде ер адам өртеніп кетті

22 қаңтар 2023, 23:44

Қостанайда көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді басылымға оқырман жіберген. Ол жантүршігерлік жағдай 21 қаңтарда Қостанайдағы 8-шағын аудандағы №11 үйдің кіреберісінде болғанын айтқан.

"21 қаңтарда сағат 13:16-да 8 шағын ауданнан коңырау келді. 10 қабатты тұрғын үйде баспалдақта қоқыс өртеніп кетті. Сонымен қатар, 9-шы және 10-шы қабаттар арасындағы баспалдақта өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады. Өрт 13:55-те ауыздықталды",-деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.