Қостанайда үйден шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тапты

06 маусым 2022, 15:19

Қостанайда 6 маусым күні түн ортасы шамасында ірі өрт болды. Абай даңғылы мен Лермонтов көшелерінің қиылысында орналасқан екі қабатты коттедж өртеніп, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап.

Қалың топ оқиға орынында аумақтан шыққан. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер үйдің терезелерін қағып, тұрғындарды оятқан. Оқырмандардың болжамы бойынша, бұл үйдің бөлмелері жалға берілген.

"Өрт туралы хабар сағат 00:06-да түсті. Оқиға орнында 1-дәрежелі күйік алған төрт зардап шегушіге көмек көрсетіліп, 4-ші дәрежелі күйік шалған екі мәйіт табылды", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаев.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай оларға көршілерден қоңырау сағат 00:04-те түскен.

Өрт сөндірушілер келгенше жалын бүкіл үйге жайылып, 250 шаршы метр аумақағы тұрғындардың шатыры, едендері мен үй заттарын шарпыған.

“Өрт салдарынан 10 шаршы метр аумақта көршілес екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры мен  жартылай зақымданды. Құтқарушылар өрттің көршілес тұрғын үйлерге одан әрі таралу қаупін жойып, 01:15-те өртті оқшаулады. 02:26-да өрт сөндірілді. Өрт орнында 1972 жылы және 1984 жылы туған 2 ер адамның мәйіті табылды.

Қазір өрт зертханасының мамандары оқиғаның мән-жайын, өрттің шығу себебін анықтауда.

Төтенше жағдайды жоюға Қостанай қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің 34 қызметкері мен 11 бірлік техникасы қатысты. Өрт сөндірушілерге көмектесу үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен "Қазақстан темір жолы" мекемесі суды үздіксіз жеткізу үшін техникалары берілген.