Ел жаңалықтары

Қостанайлық медбике Денсаулық сақтау министрлігін сотқа берді

  • Қостанайлық медбике Денсаулық сақтау министрлігін сотқа берді

    Қостанайлық медбике Денсаулық сақтау министрлігін сотқа берді

Қостанайлық медбике Кәукер Досова Денсаулық сақтау министрлігін сотқа берді. Себебі, ол былтыр коронавирус індеті өршігенде провизорлық орталықта  жұмыс істеп жүріп вирус жұқтырса да, тиісті  өтемақы алмаған. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты» дегендей, жұмыстан да шығып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Кәукер Қажығалиқызы медицина саласында 34 жыл еңбек еткен. Былтыр дерт дендеген тұста провизорлық орталықта күндіз-түні жұмыс істеп, алдыңғы шепте жүрді. Короновирусқа шалдыққандармен тікелей байланыста болғандықтан, өзі де індет жұқтырып алып, науқастанған.  

«Біз сәуір, мамыр айларында профилакторияда тұрдық. Жұмысқа апарып-әкеліп жүрді. Бірақ наурыз бен маусым аралығында стационарда тұрдым. Өйткені жұмыс көп болды. 5 маусымда ауруым асқынып, демала алмай қалғанда сол бөлімшеде рентгенге түсірді. Өкпеңіз 50 пайыздан астам зақымданған деп айтты», - дейді Қостанай қаласының тұрғыны Кәукер Досова.

Содан кейін бір ай емделген. Оған дәлелі бар. Бірақ еңбекке жарамсыздық туралы қағазы мен  эпидемиолог мамандардың хаттамасы болса да, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Кәукер Досованы 2 миллион теңге өтемақы алатындар тізіміне қоспаған.

«Министрлікке де, Цойға да хат жаздым. Бүкіл хаттар әкімдікке  түседі. Одан басқармаға түседі. Ал басқарма маған кодировкаңыз сәйкеспейді деп жауап береді. Бірақ мен кодировканы жарамсыздық парағына өзім қойғаным жоқ. Кодировка G пневмония деп тұр. Өзім ауырып тұрған кезімде ешкіммен ұрсысқым да келген жоқ. Күні бойы арызбен жүрдім. Еш шешімін таба алмаған соң 1 қыркүйекте арыз жазып, жұмыстан шығып кеттім», - дейді Кәукер Досова.

Кәукер облыс әкімінен де көмек сұраған.  Бірақ нәтиже болмаған.  Амалы таусылған соң сотқа жүгінгенін айтады.    

«Қостанай қалалық сотында Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өтемақы төлеу және моральдық зиянды өндіру туралы түскен қала тұрғынының талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралуда», - деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің бөлім басшысы Зәуре Едикова.

Шағымданушының айтуынша, провизорлық орталықта өзінен бөлек, тағы 10 дәрігер вирус жұқтырған. Бірақ соның төртеуіне ғана  өтемақы төленген. Қалғаны жұмысынан айрылып қалмас үшін үндемей жүр дейді. Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар «Сот ісі аяқталмайынша ешқандай ақпарат бермейміз» деп отыр.  




Көрілген: 1018    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 12:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30