Ел жаңалықтары

Коттеждер мен кемелер жанып кетті: Алматы облысында ірі өрт болды

  • Коттеждер мен кемелер жанып кетті: Алматы облысында ірі өрт болды

    Коттеждер мен кемелер жанып кетті: Алматы облысында ірі өрт болды

Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, коттедждер, балық аулау базаларындағы су көлігі жанып кетті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір өрт өзен  атырабының батыс бөлігінен Іле өзенінің атырабының шығыс бөлігіне балық шаруашылығы субъектілері жоқ Іле-Балқаш резерватына қарай жылжыды.

 
"Балық шаруашылығы субъектілеріне жатпайтын жеке туристік базалардың жану қаупі бар: олар "Сеймар", "Қалдаяқ көлдер жүйесінде" және "Маяк", Іле өзені атырабының "Иір-Майтан көлдер жүйесінде" орналасқан. Бүгін таңертең орманшылар әуе рейсін орындайды, сондықтан қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

14 сәуірдегі сағат 23.00-дегі жағдай бойынша Балқаш маңы қорықшасында болған өрт салдарынан балық шаруашылығының екі субъектісіне материалдық залал келтірілді.

Іле өзенінің атырабындағы "Иір-Майтан көлдер жүйесі" балық аулау алаңында туристерді қабылдауға арналған 4 коттедж, балық қабылдау пункті және екі су көлігі өртенді. Сондай-ақ, осы балық шаруашылығының қатты күйік алған қызметкері ауруханаға жатқызылды. Шаруашылықта өрт сөндірілді.

Іле өзені атырабының "Төменгі Бәйменей көлдер жүйесі" балық шаруашылығы учаскесінде өрттен екі коттедж және 4 су көлігі жанып кетті. Өрт сөндірілді.




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 14:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31