Қоянды ауылында төтенше жағдай жарияланды

15 маусым 2022, 15:50

Ақмола облысындағы Қоянды ауылында электр станциясына найзағай түсіп, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

«13 маусымда сағат 17:00 шамасында ауылды электр жарығымен қамтамасыз етіп тұрған станцияға найзағай түсті. Ауылдың 90 пайызы бір тәуліктен астам жарықсыз отырды. Тек Софиев ауылына өтіп тұрған электр желісіне қосулы 10 пайыз үйде ғана жарық болды. Электр станциясын 14 маусым күні сағат 00:30-да толық іске қостық», - деп түсінік берді Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеев.
Электр станциясының істен шығуына байланысты 2500-ден астам үй бір тәулікке жарықсыз қалған. Әкімнің айтуынша, станция толықтай қалпына келтірілген.