Ел жаңалықтары

Қоймадағы қопарылыс: Арыста төрт әскери қызметкер жарақат алды

  • Қоймадағы қопарылыс: Арыста төрт әскери қызметкер жарақат алды

    Қоймадағы қопарылыс: Арыста төрт әскери қызметкер жарақат алды


Арыс қаласында жаңа төтенше жағдай салдарынан төрт әскери қызметкер жарақат алды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.



 


 

 

Фото: Ашық дереккөзден

Фото: Ашық дереккөзден


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


"Бүгін Арыс қаласының аумағында әскери қызметшілер қойма аумағын оқ-дәрінің бөлшектерінен тазартуға қатысты жоспарлы жұмысты жүргізу кезінде қопарылыс болды. Төтенше жағдайдан кейінгі жою жұмыстарын жүргізген төрт келісім-шарт әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталіне жеткізілді",- делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиға бойынша Әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ тұрғындарға келер қауіп жоқ екендігін қаперге салды.


"Тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ, жағдай толық бақылауға алынған. Еске сала кетсек, қала аумағын және оқ-дәріні сақтау нысандарына жақын аумақтарды тазартқаннан соң оқ-дәрілердің негізгі бөліктері әскер бөлім аумағында тұр, тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сонымен бірге, әскери бөлімдегі әскери қызметшілердің оқ-дәрі бөліктерін жинау және жою жұмыстарына белгілі бір уақыт керек. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі ресми мәлімет таратушы органдарға сеніп, расталмаған ақпаратты таратпауды сұрайды", -делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі тұрғындарға күдікті заттарды тауып алған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуды, әрі өз бетінше ешқандай әрекет жасамау керектігін ескертеді.






Көрілген: 636    Пікірлер: 0

сенбі, 14.09.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31