Ел жаңалықтары

Көз жұмғаннан кейінгі донорлық: Қазақстанда екі күнде 500 адам өтініш берді

  • Көз жұмғаннан кейінгі донорлық: Қазақстанда екі күнде 500 адам өтініш берді

    Көз жұмғаннан кейінгі донорлық: Қазақстанда екі күнде 500 адам өтініш берді

Екі күн ішінде Egov.kz электронды үкімет порталында қазақстандықтар қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру немесе бас тарту туралы 500-ге жуық өтініш берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сенаттағы үкімет сағатында Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

 
Ол Қазақстанда жыл басынан бері жұмыс істеп келе жатқан денсаулық сақтау кодексі әр адам қайтыс болғаннан кейін органдарды пайдалануға келісім немесе бас тарту туралы мәлімдеуі керектігін еске салды.

"Біз бұл жүйені автоматтандырдық. Адам ешқайда бармай-ақ, қағаз толтырмай, электронды үкіметте келісу немесе бас тарту туралы бір түймені басады. Кодекстің қолданылу мерзімі ішінде 300 бас тарту және 6 келісім беру қағаз жүзінде қалдырылды. Денсаулық сақтау министрлігі осындай мәліметтерді ұсынады. Бұл қызметке қазірдің өзінде 500-ге жуық өтінім берілді. 60 адам келісім берсе, 400-і  бас тартқан", - деді министр.


Бұған дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі қазақстандықтардың трансплантациялау үшін тіндерді немесе мүшелерді донорлыққа беруге келісуден немесе бас тартудан тұратын онлайн-функцияға қол жеткізе алатынын хабарлаған.




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31