«Кредитке алған»: жүргізуші мақтанамын деп 2 млн теңгесін шашып алды (ВИДЕО)

05 наурыз 2022, 14:24

Полиция өкілдері жүргізуші жолда қауіпті жағдай туындатты деп есептейді.

Алматыда полицейлер жол бойына ақша шашқан жүргізушіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасына жазды деп хабарлады  tengrinews.kz.

Бастапқыда ақша шашқан ер адамдың видеосы kris_p_brothers паблигінде жарияланған.

https://www.instagram.com/kris_p_brothers/?utm_source=ig_embed&ig_rid=5da561f3-b285-469c-8241-e93d2eaf4e72

«Мақтаныш па, әлде сақтанбау ма? Көңіл айтамыз. Алматылық жігіт жүріп келе жатып, 2 миллион теңгесін шашып алды. Ақшасын көрсетіп мақтанғысы келді, бірақ жүзеге аспады», – делінген ролик сипаттамасында.

Полиция өкілдері жүргізуші жолда қауіпті жағдай туындатты деп есептейді. Себебі оның әрекеті қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін еді. Видеоға қатысты пікір жазған қолданушылар да жүргізушінің апат жағдайын туғызғанын айтып отыр.