Кремль Украинадағы соғыстың қашан аяқталатынын мәлімдеді

28 мамыр 2022, 15:24

Ресей әскерінің Донбастағы жетістіктері аясында Кремльде Киевтің қарсы шабуылы тағы да талқыланып, бірнеше ай ішінде "Украинадағы соғыста жеңіске жетеміз" деген үміт пайда болды. Бұл туралы “Медуза” басылымына Кремльге жақын екі дереккөз және Ресей Президентінің әкімшілігіндегі бір сұхбаттасушы айтқан.

Басылым Украинаның ресми өкілдерінің Донбастағы Ресей әскери күштерінің шабуылына қатысты мәлімдемелері барған сайын алаңдаушылық тудыруда дейді. Олардың кейбіреулері Киев үлкен жеңіліске ұшырайтынын айтып жатыр.

2022 жылдың мамыр айының соңында Кремль Ресей әскерлерінің Донецк және Луганск облыстарының бүкіл аумағын басып алуын “жеңісті жариялаудың” минималды бағдарламасы” деп санайды. Қазір Украинаның бақылауында Луганск облысының шамамен бес пайызы және Донецкінің 40 пайызынан көбі бар. "Максималды бағдарлама" әлі күнге дейін Киевті бақылау деп аталады", - делінген мақалада.

"Біз оларды бәрібір аламыз. Сірә, күзге қарай бәрі аяқталады", - деді дереккөздердің бірі.

Басылым сұхбаттасушыларының айтуынша, мұндай әңгіме тек Кремльде ғана емес, сонымен бірге “Единая Россия” басшылығында да айтылып жатыр.

Сондай-ақ, олардың сөзіне қарағанда, Кремль соғыс созыла берсе, Батыс елдері Украинаны қаржы және қару-жарақпен жаппай қолдауын жалғастыра беретініне күмән келтіреді.

"Ерте ме, кеш пе, Еуропа көмектесуден шаршайды – бұл ақша да, қару-жарақ өндірісі де өздеріне қажет. Күзге жақын жылу беру маусымында газ бен мұнай туралы (Ресеймен) келісу керек болады", - дейді сұхбаттасушылардың бірі.

"Қазір майданда аз нәрсе болып жатқан сияқты. Ресей әскері кішкене елді мекендерді басып алып жатыр. Сондықтан бізде қиындықтар бардеп ойлап жатыр. Бірақ бұл сезім украиндар бірден берілмегені үшін пайда болады, өйткені көптеген адамдар бәрі тез болады лепойлаған еді. Иә, блицкриг болмады, қателіктер бар. Бірақ бұл жеңіске жету мүмкін емес дегенді білдірмейді", - деді ақпарат көзі.