Ел жаңалықтары

Кішігірім ұйым Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Ассы үстірті, Есік, Солдат шатқалдарын иеленіп алды

  • Кішігірім ұйым Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Ассы үстірті, Есік, Солдат шатқалдарын иеленіп алды

    Кішігірім ұйым Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Ассы үстірті, Есік, Солдат шатқалдарын иеленіп алды

Қазақстанның ұлттық табиғи байлығы саналатын «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне» қарайтын Алмарасан, Үлкен Алматы көлі, Ассы үстірті, Есік және Солдат шатқалдары және тағы басқа ұлттық паркке қарайтын табиғат байлықтары «КУЛТАУ И К» ЖШС-не 49 жылға жекенменшікке жалға берілген. Бұл туралы «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» сайтында:

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР ЭГжТРМ «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ 2020 жылдың 13 наурызында өзара байланысты туристік объектілер кешенін ұсынатын №1 лот бойынша экологиялық туризмді дамыту мақсатында туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге тендер өткізді (2020 жылдың 12 ақпанындағы №29 (29758) «Егемен Қазақстан» газетінен оқи аласыз).

Тендер комисиясының шешімі бойынша №1 лоттың жеңімпазы болып жалғыз қатысушы «КУЛТАУ и К» ЖШС жарияланды» делінген.

Ашық дереккөздерде «КУЛТАУ и К» ЖШС 5 адамға дейін жұмыс істейтін, 2004 жылы тіркелген кішігірім ұйым деп көрсетілген. Ұйым басшысы – Гужавин Александр Олегович. Бұл адам, сондай-ақ, көтерме саудамен айналысатын «АС-АЛТЫН» ЖШС-ның да басшысы ретінде көрсетілген.

Ал тендер қортындысында көрсетілгендей, «КУЛТАУ и К» ЖШС 49 жылға жалға алған ұлттық парк телімдерінде экотуризмді дамытпақ көрінеді.

arasha.kz

 




Көрілген: 1638    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 08:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30