Ел жаңалықтары

ҚТЖ басшысы ауысты: Сауат Мыңбаев қызметінен кетті

  • ҚТЖ басшысы ауысты: Сауат Мыңбаев қызметінен кетті

    ҚТЖ басшысы ауысты: Сауат Мыңбаев қызметінен кетті

«Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

 
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы - экономист.

Еңбек жолын 1991 жылы «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастады.

1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорын директоры, АНПЗ ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.

2002-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы қызметін атқарды.

2017-2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі болды.

2019 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Президенті әкімшілігінде бөлім меңгеруші болды.




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 16:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31