«AMANAT» партиясының Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың кәсіпорын ұжымдарымен кездесулері жалғасуда. Бүгін партияның Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар – Шағангүл Жанаева мен Владимир Бабиченконың ҚТЖ ұжымымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«AMANAT» партиясынан Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Шағангүл Жанаева партия құрамы 75 пайызға жаңарғанын, оның қатарында партия жұмысына жауапкершілікпен қарайтын түрлі кәсіптердің өкілдері бар екенін атап өтті.
«AMANAT» партиясының жаңа өкілдерінің бірі – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын Владимир Бабиченко.
Теміржолшылар әулетінен шыққан Владимир Владимирович бұл салаға қалай жкелгенін, саясатқа қалай келгенін, жергілікті жерлерде қандай проблемалар шешіліп жатқанын айта отырып, келіп түскен шағымдар, сайлаушылардың өтініштері мен ұсыныстары негізінде жасалған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып өтті. Тұрғындар тарапынан берілген өтініштер тиісті органдарға жіберілетін болады.
Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді