Ел жаңалықтары

"КТК" телеарнасының бас директоры ауысты

  • Қанат Сахариянов. ©qazmedia.kz

    Қанат Сахариянов. ©qazmedia.kz

 "КТК" телеарнасының бас директоры ауысты, Арман Шораев қызметтен өз еркімен кетті, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы оның өзі айтты.

"Мен телеарнаны тастап кеттім. Ештеңе болған жоқ, мен 2,5 жылдан бері кеткім келген, бірақ жібермеді. Құдайға шүкір, енді жіберіп отыр. Шынымды айтсам, өкінбеймін, 8 жыл ішінде қатты шаршадым. Менің ендігі қызметім медиамен байланысты болмайды деп ойлаймын. Менде ел көлеміндегі ауқымды жоба - "Қазақстан барысы" бар екенін білесіздер, сонымен бірге мен "Қазақша күрес" федерациясын басқарамын. Қазір жария ете алмайтын тағы бірнеше ұсыныс бар", - деді Арман Шораев.

Шораев "КТК"-дан басқа еш жерде ұзақ уақыт жұмыс істемегенін айтты. "Менің орныма Қанат Сахариянов келді. Біз онымен бірге жұмыс істегенбіз, ол - менің әріптесім. Ақылды жігіт", - деді "КТК" телеарнасының бұрынғы бас директоры.

Бұған дейін Қанат Сахарияновтың "Хабар" агенттігі басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғаны, кейін Астанадағы Қазақстан медиаорталығын басқарғаны хабарланған еді. Ол "Хабарда" еңбек жолын заңгердің кеңесшісі болып бастаған.

Арман Шораев журналистика саласында 1989 жылдан бері жұмыс істейді. 1996 жылы "Оқжетпес" тәуелсіз телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ол "КТК" телеарнасына ең алғаш Астанадағы тілші болып келді, 2007 жылдың маусымында "КТК" АҚ бас директоры болды.

 




Көрілген: 1593    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.11.2014, 16:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31