Құдды бір періште секілді: Ер азамат ерекше сәтті суретке түсіріп алған

14 маусым 2022, 15:42

Шотландия тұрғыны ерекше сәтті телефоны арқылы суретке түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап. 

Шотландияның 56 жастағы Стюарт Мюррей есімді тұрғыны үйінің маңында көкжиекке  батып бара жатқан күнді көріп, бұл сәтті суретке түсіріп алмақ болғанын айтады. Осы сәтте ол ерекше құбылыстың куәсі болыпты: күннің батып бара жатқандағы сәулесі Солтүстік теңіздің суымен шағылысып, періште бейнесіне енген. Ер азамат жариялаған суретте бұл сәт анық көрінеді. 

Стюарт Мюррей көптен бері күннің батып бара жатқан сәтін суретке түсіргісі келіп жүргенін жеткізді. 

“Біраз уақыттан бері жұмысыма не ауа райына байланысты күн райының батып бара жатқан сәтін фотоға түсіре алмай жүрген едім. Алайда үйімнің маңында осындай құбылысқа куә болдым. Өзім дінге аса жақын адам емеспін, бірақ басқалары бұл суреттен алғаш нені көретіні айтпаса да белгілі. Бұл сәтті қалай түсіріп алғаныма өзім де таңғалып тұрмын, өйткені өзім кәсіби фотограф емеспін, телефоным да озық үлгідегі құрылғы емес”, – дейді шотландиялық азамат.