Ел жаңалықтары

Күн суып, бұрқасын болады: Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • Күн суып, бұрқасын болады: Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    Күн суып, бұрқасын болады: Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алдағы күндері республикамыздың 12 өңірінде күн күрт суып, бұрқасын болады. Ауа райының бірден бұзылуына байланысты Қазгидромет ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Казгидрометтің мәліметінше,  Атырау облысында 7 желтоқсан тұман түседі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында боран соғады. Облыстың батысы мен шығысында тұман, көктайғақ. 8 желтоқсанда түнде ауа температурасының  -20-28 градусқа дейін күрт төмендеп, аяз болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 7-9 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде тұман, 8 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Күндіз 7, 8, 9 желтоқсан — солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда -15-20 градус аяз болса, күндіз жел екпіні метрінен 23 секундқа жетуі мүмкін.

 
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік — шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. 7 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ,  бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі.

7 желтоқсанда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстігінде де осы күндері тұман түседі деген болжам бар.

Нұр-Сұлтан қаласында 7 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі, 8 желтоқсанда түнде ауа температурасы -25 градусқа дейін аяз. Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы -15-20 градусқа дейін төмендейді. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

8 желтоқсанда түнде Ақмола, Павлодар облыстарында, 9 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуі -20-28 аязға дейін күтіледі деген болжам бар.




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.12.2021, 19:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31