Курчатов қаласының жаңа әкімі тағайындалды

04 наурыз 2022, 14:34

Бұл қызметке Олег Чугунков келді 

Курчатов қаласының әкімі болып Олег Чугунков тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа әкімді мәслихат сессиясында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев таныстырды.

Олег Чугунков 1977 жылы дүниеге келген. Семей педагогикалық және Семей гуманитарлық институттарының түлегі.  Әр жылдары Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Білім басқармасының бөлім басшысы, “Устинка”газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. Талдау және Болжамдау Институтының бөлім бастығы лауазымын атқарып, Nur Otan Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Nur Otan Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып бекітілді. Халық қалаулылары жаңа әкімнің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Алмасхан Сматлаев Олег Чугуновтың осындай жауапты қызмет үшін тәжірибесінің мол екендігін атап өтіп, халықпен тығыз қарым- қатынаста болып, жұмыс істеуге шақырды.