Ел жаңалықтары

"Құрдымға кеттік": Қарағандыда банкрот болған белді құрылыс компанияларының басшылары шу шығарды

  • "Құрдымға кеттік": Қарағандыда банкрот болған белді құрылыс компанияларының басшылары шу шығарды

Қарағандыда жиырмаға жуық құрылыс компаниясының жұмысы тоқтап, банкротқа ұшыраған. Айтуларынша, мемлекеттік кірістер комитеті жөн-жосықсыз тексеріп, аяусыз миллиондап айыппұл салып келеді. Тіпті үстерінен қылмыстық іс те қозғаған. Елде жиырма жылдам астам мемлекеттік бағдарламамен нысандар салып келген құрылыс компанияларының өкілдері қазір мемлекеттің қолдауынан қағылғандарын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің түкпір-түкпірінде мектеп, аурухана, балабақша, қалалардың инфрақұрылымдарын салған құрылыс компаниясы басшылары қазір далада қалдық деп видео үндеу жазған. Себебі 2018 жылдан бері тексерісті көбейткен кірістер департаментінің өкілдері тырнақ астынан кір іздеп, миллиондап айыппұл сала бастапты.

 
"Бүгінгі күнге дейін біз жұмыс істей алмай тұрмыз. Кісілердің бәрін ақы төленбейтін демалысқа жібердік. Менің өзіме ақша есептегенге дейін 300 миллионнан аса жасап отыр, салық органы. Есептегенге дейін дегеніміз, біз төлеген салықтан басқа, үстіне өздерінің ойларымен, өздерінің пікірлерімен ешқандай заңсыз, ешқандай заңға сыймайды. Осындай қысымға салынып, сотқа бергенбіз. Мемлекеттік комитет 100 пайыз қолдайды, прокуратура ұйықтап жатыр", - деді құрылыс компаниясының басшысы Ескендір Қойайдаров.

"Барлық шоттарымызды бұғаттап тастады. Құрдымға кеттік. Қалай күнімізді көреміз?! Бізді ешқандай орган естігісі келмейді. Біздің жұмысшылар плакаттармен шығуға дайын. Қажет болса Астанаға барып тұрып шығуға дайынбыз", - деді құрылыс компаниясының басшысы Мұрат Аликпаев.


Кентауда ереуілге шыққан зауыт жұмысшылары президентке үндеу жолдады
"Намаз оқығаны үшін 15 жылға соттаған": Түзету лагерьлеріне жабылған қандастарымыздың туыстары Қытай елшілігінің алдына нарызылыққа шықты

Құрылысшылар қауымдастығының сөзінше, қазір он бес ірі компанияға қылмыстық іс қозғалған.

"Салық органдарынан бұл компанияларға көптеген қосымша салық өңделіп отыр. Өздерінің анықтамаларын өздері жасап, іс қозғап отыр. Сол іс қозғаудың әрекетіне жасалған құжаттары заңсыз болып табылады. Өйткені ол іс қозғалғаннан кейін жасалу керек. Бұл жерде ол іс қозғалу үшін жасалып отырған іс-әрекеттер", - деді Қарағанды облыстық Құрылысшылар қауымдастығының директоры Нәйлә Қайырбекова.

Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер департаментінің тексеру нәтижелерімен келіспеген 58 кәсіпкер департаментті сотқа берген.

"Контарагенттерді тексергенде әртүрлі кемшіліктер анықталды. Олар есеп бергенде қызмет көрсеткен транспорттарды көрсетпеген. Жалға алған көліктердің арнайы техникалық ерекшеліктері болмаған. Толтырылған хаттамада олар шаруашылыққа қатысты қаржыны көрсетпегенін өздері де мойындады", - дедң Қарағанды облысы Кірістер департаментінің бас маманы Айжан Балгужина.

Былтыр кірістер департаменті облыста 91 құрылыс компаниясын тексерген. Оларға 11 миллиард 718 миллион теңге айыппұл салған, бірақ бұл қаржы бюджетке түспеген.




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30