Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Курсанттарға қоқан-лоқы көрсеткен әскери сотталды

03 мамыр 2011, 15:26

Ақмола гарнизонының әскери соты Қорғаныс министрлiгi кадет корпусының сержантын 4 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруға үкiм шығарды. Келiсiмшарт негiзiнде әскери мiндетiн атқарып жүрген жiгiт кадет тәрбиеленушiлерiне әлiмжеттiк жасаған.
Әскери прокурор Ермек Жаңатаевтың хабарлауынша, сержант болашақ офицерлерден ақша талап етедi. Оқу полигонында болған кадеттiктер бұл тапсырманы орындай алмайды. Сол кезде әскери тәртiптiң «маңызын» түсiндiрмек болған кадет корпусының қызметкерi бiр күнде 20 курсантты қан-жоса етiп сабап тастайды. Бұдан соң өзге кадеттiктер Шу қаласына дейiн қашып, әскеридiң әрекетiне наразылық бiлдiрген. Қазiргi уақытта прокурорлар курсанттардың құқықтарын толық қорғап шықты.