Ел жаңалықтары

Құс тұмауы Ақмола облысына келіп жетті

  • Құс тұмауы Ақмола облысына келіп жетті

    Құс тұмауы Ақмола облысына келіп жетті

Ақмола облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты үй құстарына жаппай екпе жүргізілуде. Алдын алу шараларын жүргізу мақсатында 173 мыңнан астам құсқа екпе салынды. Облыстық ветеринарлық қызмет басқармасының мәліметінше, облыстың су қоймалары мен өзен-көлдерін жағалай орналасқан елдімекендерде 24 қыркүйектен бастап құс тұмауына байланысты жаппай екпе егу басталған, деп жазады Аzattyq-ruhy.

Өңірдегі «Капитал Прожект», «Астана Құс», «Бурабай Агро Инвест», «Ижевское» сияқты ірі құс шаруашылықтары өз қаражаты есебінен 1462,0 мың бас құсқа екпе салған.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Базарбай Бұлашев жақын күндері тағы екі құс фабрикасында екпе егу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

«Құс тұмауының одан ары өршіп кетуіне жол бермеу мақсатында ауылды елдімекендерде тұрғындармен, сондай-ақ құс шаруашылықтарының басшыларымен құстарды жабайы құстармен жақындатпай, қамап ұстау қажеттігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ветеринар қызметкерлер күн сайын құс өсіретін кәсіпорындар мен құс өсіретін тұрғындардың қора-жайларына барып клиникалық бақылау жүргізуде. Сондай-ақ су қоймаларында, құстар ұя салатын жерлерде тұрақты мониторинг жасалуда», - дейді басқарма басшысы.

Облыстық ветеринарлық басқарманың соңғы мәліметтері бойынша 11 елдімекеннен алынған зертханалық зерттеу материалдары бойынша облыстың 9 ауданында үй құстарынан құс тұмауы  анықталды.




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 00:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31