Ел жаңалықтары

Құс тұмауы: Павлодарлықтарға аң ауламауға кеңес берілуде

  • Құс тұмауы: Павлодарлықтарға аң ауламауға кеңес берілуде

    Құс тұмауы: Павлодарлықтарға аң ауламауға кеңес берілуде

  • Құс тұмауы: Павлодарлықтарға аң ауламауға кеңес берілуде

    Құс тұмауы: Павлодарлықтарға аң ауламауға кеңес берілуде

Павлодар облысында аңшыларға аңдарды, әсіресе құстарды ауламау ұсынылуда, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев мәлім етті.

11-14 қыркүйек аралығында Железин ауданында індеттің қайдан келгенін анықтау мақсатында жабайы құстарды ату жүргізілді. Атылған құстардан алынған 5 сынаманың 3-де құс тұмауы анықталды. Әзірге жабайы құстар арасында өлім тіркелген жоқ, - деді Руслан Төлепбаев.

Руслан Төлепбаев аңшыларға аңға шығудан бас тартуға кеңес беретіндерін атап өтті.

Жабайы құстар өлімі тіркелмегеніне қарамастан, біз инспекция атынан барлық аңшыларға аңға шықпауға кеңес береміз. Аңшылық маусымын жабуға біздің құзырымыз жетпейді. Сондықтан кеңес берудеміз. Оның ішінде жүзетін құстарды мүлде ауламаған жөн. Ауланған құстардың етін жемеген дұрыс - деді аумақтық инспекция басшысы.

Еске салайық, Павлодар облысында құс тұмауы анықталып, 2 мыңнан астам үй жануары өлген болатын.


BAQ.KZ




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 07:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31