Ел жаңалықтары

"Күйем баламды жамандамаңыздар": Павлодар облысында қызын өртеп жіберген азаматқа марқұмның анасы араша түсті

  • "Күйем баламды жамандамаңыздар": Павлодар облысында қызын өртеп жіберген азаматқа марқұмның анасы араша түсті

Павлодар облысында осы жылдың тамыз айында күйеуі спирт шашып, әйелін өртеп жіберген болатын. Сотта көз жұмған келіншектің анасы бұрынғы күйеу баласына араша түсіп, жеңіл жаза тағайындалуын сұрады, деп хабарлайды  Pavon.kz порталына сілтеме жасап.

Айта кетсек, жантүршігерлік оқиға 8 тамыз күні Павлодар облысының Розовка ауылында болған. Екеуара жанжал кезінде ер адам спиртті алып, әйелінің үстіне құйып, өртеп жіберген.

 
Тергеу мұндай агрессияға әйелдің отырыстан кейін мас күйеуіне көлік жүргізуге тыйым салуы себеп болғанын анықтады. Жәбірленуші он күннен кейін ауруханада көз жұмды.    

Алайда марқұмның анасы күйеу баласын қорғауды ұйғарған. Жәбірленушінің анасы қызының көз жұмғанын, отбасында кәмелетке толмаған үш қыз бар екенін ескеріп, соттан ең жеңіл жаза кесуді сұрады.  

Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі адамдардан жаман сөз жазбауды сұрады.  

"Күйеу баламды жамандауды тоқтатуды сұраймын. Біз оның ең жеңіл жазаға кесіліп, тезірек шыққанын қалаймыз, өйткені оның үш қызы бар, олар кішкентай, бізге оның көмегі керек. Ол жақсы адам", - деп мәлімдеді әйел.

Сотталушыға жаза кесілді. Павлодар облыстық сотында ер адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 13:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31