Ел жаңалықтары

«Күйеуінің жемқор атануына бірден-бір себепкер – әйелі» - психологтар (ВИДЕО)

  • «Күйеуінің жемқор атануына бірден-бір себепкер – әйелі» - психологтар (ВИДЕО)

    «Күйеуінің жемқор атануына бірден-бір себепкер – әйелі» - психологтар (ВИДЕО)

Бәріне әйелдер кінәлі! "Ері елдің қамымен жүргенде әйелдер өз қамына кіреседі" деген болжам рас па? Шенеуніктердің жемқор атануына бірден-бір себепкер &ndash әйелі, дейді психологтар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі де бұл пікірді жоққа шығармайды, қазақтың келіндері ынсапты ұмытып қасқалдақтың қанын, қарлығаштың жанын сұрайтын қомағайға айналғаны рас па?

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде әлеуметтік желі тек пікір білдіру алаңына ғана емес, шенеуніктердің әйелдерінің үлде мен бүлдеге оранған, жарқыраған өмірін паш ететін алаңға да айналды. Олар қымбат көліктерін, шетелге саяхаттарын, гауһартаспен безендірілген бұйымдарын әлемжеліге жүктеп қана қоймай, күйеулері берген сыйлықтарын да дүйім елге паш етуде. Ал психологтар дәл осы қылығымен олар күйеулерінің пара алуына түрткі болады, дейді.

"Жастар бәсекені жақсы көреді. Бір отбасы шетелге барып жатса, қара, ал біз бармай жатырмыз дегендей. Қазіргі таңда әр отбасыда белгілі 2-3 баладан кем. Олардың әйелдері жұмыс істемеуі мүмкін. Белгілі ұйымдастырушы, итермелеуші құрылғы ма? Отбасыға қасындағы жары, туыстары, әсер етуі мүмкін. Саналы түрде емес", - дейді психолог Гүлбану Үмбетжанова.

Психолог Гүлбану Үмбетжанованың пікірін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығармайды. Біреуі тойып секірсе, біреуі тоңып секіреді, дейді Расул Медетов.

"Бұл белгілі бір дәрежеде отбасы мүшелерінің, сол мемлекеттік қызметішінің айналасындағы достарының, белгілі бір моральдық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық фактілеріне септігін тигізеді деген. Осындай теориялар бар. Ең көбі негізінде әкімшіліктерде. Өйткені сол салада әкімшіліктерде қаражаттың көп бөлігі шоғырланады. Одан бөлек Ішкі істер органдары келтіріп жатады", - дейді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов.

Одан бөлек, шенеуніктердің әйелдері бизнестерін дөңгелеткені де анықталды. Күні кеше Атырау облысында 184 шенеуніктің жұбайы кәсіпкерлікпен айналысқаны белгілі болды. Бірақ заң бойынша олар кәсіпкерлікпен айналыса алады. Дегенмен...

"Оларға қатысты ешқандай шек жоқ. Кәсіпкеркелікпен айналыса алады. Салық департаментінің әйелдері бизнеспен айналысатыны анықталды. Заң бұзушылық емес, бірақ ескерту қойылды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов

Қоғам белсендісі Айша Құрманғали әйелдер ер азаматтардың артық қадам жасауына, заңбұзушылыққа баруына ықпал ететінін жасырмайды. Өйткені әйел адамның қызығушылығы, құрбылармен бәскелестігі жолдасына талап қоюына түрткі болады.

"Әсіресе басшылардың әйелдері қымбат тон, көлік, әшекей тағуға құштар болып кетті. Денгенмен әйел қанағатшыл болса, ер адамдардың жемқорлыққа баруына асыра сілтеп, ықпал етпес етер еді. Әйел ойлау керек. Табысты қайдан тауып жатқанына бәріне назар аударып бір мезгіл ойлану керек", - дейді журналист Айша Құрманғали.

Қысқасы, әйел заты ер азаматының абыройын ойлауы тиіс. Ашкөздіккке, бәскелестікке бой ұрса, оның түбі жақсылыққа алып бармайды, дейді сарапашылар.




Көрілген: 679    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31