Ел жаңалықтары

Күйзелістен шығу үшін ішімдік ішу қауіпті екені айтылды

  • Күйзелістен шығу үшін ішімдік ішу қауіпті екені айтылды

    Күйзелістен шығу үшін ішімдік ішу қауіпті екені айтылды

Күзгі күйзеліс кезінде алкоголь ішу екі есе қауіпті. Сондықтан сарапшылар күйзеліспен басқаша күресудің жолын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап 

Алкоголь адамның көңіл-күйін біршама жақсарта алады, бірақ бұл әсердің өз салдары бар дейді мамандар.

Клиникалық және профилактикалық суицидология бөлімінің басшысы Борис Положийдің айтуынша, алкоголь проблеманы шешпейді, тек жаңа проблемалар тудырады.

"Мұндай жағдайда адам кейін алкогольді өзі іздей бастайды. Күйзеліске жиі ұшырай бастайды. Ол әдет күзде ғана емес, көктемде де, кейде жазда да, қыста да пайда болуы мүмкін. Содан тәуелділік пайда болуы мүмкін. Бір қиындықтан құтылмай, адам екінші қиындыққа ұрынады. Ішімдікті дәрі ретінде қолдануға болмайды", - деп түсіндірді Борис Положий.

Дәрігер депрессияны өз бетінше жеңе алмаған адамдарға мамандарға баруға кеңес береді.

"Қозғалу, жаттығу немесе жай серуендеу көңіл күйге жақсы әсер етеді. Егер мұндай шаралар көмектеспесе, дәрігермен кеңесу керек. Күйзеліс ауыр сипатқа ие болса және жұмысқа кедергі келтірсе, онда сіз психиатрға немесе психотерапевтке жүгінуіңіз керек", - деді Положий.

 

 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31