КВИ таралуы бойынша бір ғана өңір «жасыл» аймақта қалды

15 қаңтар 2022, 12:14

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 15 қаңтарда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің бір өңірі ғана «жасыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Матрица бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары;

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 12 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 1 036 385 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 12 адам көз  жұмды.