Ел жаңалықтары

Қырғыз-тәжік қақтығысына қатысты Қазақстан мен Өзбекстанның ұстанымы екі түрлі – АҚШ сарапшысы

  • Қырғыз-тәжік қақтығысына қатысты Қазақстан мен Өзбекстанның ұстанымы екі түрлі – АҚШ сарапшысы

    Қырғыз-тәжік қақтығысына қатысты Қазақстан мен Өзбекстанның ұстанымы екі түрлі – АҚШ сарапшысы

Биыл сәуір айының соңында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында кезекті қақтығыс болғаны есте. Кезекті дейтініміз, бұл екі ел арасында бұған дейін де бірнеше рет оқ атылған. Жалпы шекара бойында орналасқан қырғыз елдімекендері мен тәжік шекарашылары арасында суға, жерге байланысты тартыс жиі қайталанып отырады. Осы жағдайға байланысты Қазақстан мен Өзбекстанның позициясы қандай? Бұл туралы Jamestown Foundation қорының сарапшысы Умида Хашимова зерттеп көрді. Зерттеу нәтижесі қордың ресми сайтында жарияланған.

 
Зерттеуде көрсетілгендей, Орталық Азиядағы шиеленіске Ресей белсенді араласпаған. Ал, Қазақстан мен Өзбекстан бұл елдермен көрші жатқандықтан екеуінің де реакциясы көп күттірмеген.

«Бұл шиеленіс Қазақстан мен Өзбекстан жағдайды екі түрлі қырдан көретіндігін көрсетті», - дейді мақала авторы.
28 сәуірде басталған қырғыз-тәжік қақтығысына ресми Ташкент келесі күні араласты. Өзбекстан билігі көрші екі елді тез ымыраға келуге шақырып, арағайындық таныттты. Шавкат Мирзиеевтің бұл әрекеті нәтижесін көп күттірмей беріп, ол Эмомали Рахмон мен Садыр Жапаровпен жеке-жеке сөйлесті.

«Ресми Ташкент жағдайдың қалай өрбитіндігіне алаңдаушылық танытты және бейтарап позиция ұстанды», - дейді сарапшы.
Хашимованың жазуынша, Қазақстан билігінің қырғыз еліне бүйрегі бұрғаны анық байқалған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің президенттерімен де телефон арқылы сөйлескенімен, Садыр Жапаровқа көңіл айтып, зардап шеккен ауылдарға гуманитарлық көмек жіберуге уәде етті.

Сарапшы ресми Ташкенттің екі елге де жылы лебіз білдіруінің астарында бірнеше себеп болуы мүмкін дейді. Біріншіден, ұрысқа тікелей қатыспаса да, Өзбекстан екі елмен де шекаралас, оған қоса АҚШ әскерінің Ауғанстаннан кетуі аймақтағы жағдайды өршітуі ықтимал. Екіншіден, шиеленіске араласпаған жағдайда наурыз айында Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары Ташкентте қол жеткізген делимитация үшін аталған шиеленіс кері әсер етуі ықтимал. Үшіншіден, Өзбекстанның экономикалық дамуына септігін тигізетін Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобалардың сәтті іске асуы аймақтағы тұрақтылыққа тікелей байланысты.

Қазақстан, өз кезегінде, Қырғызстанның ірі инвесторы және сауда серіктесі ретінде Тәжікстанға қарағанда ресми Бішкекпен бұрыннан бері тығыз қарым-қатынаста дейді автор. «Осылайша, Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасындағы жылы қарым-қатынасын Тоқаев пен Жапаров арасындағы әңгімеден байқауға болады», - деп аяқтады мақала авторы.

Мұса Қуандық




Көрілген: 2984    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.06.2021, 09:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31