Қырғызстанда бұрын ұсталған криминалдық топтардың жетекшісі Доо Шыңғыстың Бішкектегі №21 мекеменің камераларының бірінде денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қырғызстан Әділет министрлігіне қарасты үкімдерді орындау қызметінің баспасөз қызметі алдын ала мәлімет бойынша, оны камерада тұратын адам жеке өшпенділік негізінде өлтіргенін мәлімдеді.
“Қылмыскер өз кінәсін мойындады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын тиісті тергеу органдары анықтап жатыр”, - деп қосты ведомство өкілі.
Еске салайық, қылмыстық ортада Доо Шыңғыс деген атпен танымал ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Шыңғыс Жұмағұлов ағымдағы жылдың 15 шілдесінде ұсталған еді.