Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қырғызстандық отбасы 19 жастағы қазақстандық келінін жертөледе ұстаған

21 тамыз 2020, 10:58

Енесімен жанжалдасқан сайын жас келінді консервілер сақталған үйдің жертөлесіне отырғызып қоятын болған. Оған су, тамақ бермеген

Қазақстан азаматы Қырғызстанның Тоқмақ қаласына тұрмыстағы қызын іздеп  барды. Бұған дейін 19 жастағы келіншек әкесіне күйеуі мен оның туыстарынан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген, деп хабарлайды Kaktus.media порталы.

Ер адам барлық кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тартқысы келеді, қазірдің өзінде ол бұрын отбасылы болған, бірақ отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты ажырасқан күйеу баласының үстінен арыз жазды.

Қыз 28 жастағы қырғызстандық жігітке 2019 жылдың қарашасында тұрмысқа шыққан. Осы жылдың 11 тамызында полицияға барып, күйеуі мен туыстары үнемі ұрып-соғатынын айтып шағымданған. Жәбірленуші соңғы үш күнде өзін үйдің жертөлесінде күштеп ұстағанын айтты.

"Енесімен жанжалдасқан сайын жас келінді консервілер сақталған үйдің жертөлесіне отырғызып қоятын болған. Оған су, тамақ бермеген. Алайда олар жертөленің қақпағын ашық қалдыратын көрінеді, ал жас келін ол жерден шығуға қорыққан", - деп жазды басылым.

Тоқмақтың тергеу органдары аталған деректі тіркеп, тергеу жұмыстарын бастады. Жәбірленушінің енесі мен қайын апасынан жауап алынды. Олар дене жарақатын салу фактісін жоққа шығарып отыр. Жәбірленушінің күйеуі шілденің басында қызғаныш салдарынан әйелі екеуінің арасында жанжал болғанын, нәтижесінде оны ұрғанын мәлімдеді.

Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі. Сараптама нәтижелері қыздың денсаулығына жеңіл зиян келтірілгенін көрсетті.