Ел жаңалықтары

Қырылған құсқа 390 миллион теңге өтемақы беріледі

  • Қырылған құсқа 390 миллион теңге өтемақы беріледі

    Қырылған құсқа 390 миллион теңге өтемақы беріледі

Республикалық эпизоотикалық топ өтемақыны қырылған құстың иесінің жеке есепшотына аударып отырады, деп атап өтті вице-министр Исаева. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауынан зардап шеккендерге өтемақы беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлық әкімдікте арнайы комиссия құрылды. Олар қырылған құстың орташа нарықтық бағасын анықтайды. Ал өтемақыны республикалық эпизоотикалық топ төлейді", - деді Исаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, арнайы комиссиялар қырылған құстың нарықтық бағасын анықтағаннан кейін тиісті құжаттар республикалық эпизоотикалық топта қаралады. Ветеринарлық қызметтің құжаттары да соған жіберіледі.

"Республикалық эпизоотикалық топ өтемақыны қырылған құстың иесінің жеке есепшотына аударып отырады. Егер барлық құжат дұрыс болса, онда ақша үш күнге жетпей түседі. Қазіргі кезде республикалық эпизоотикалық топта шамамен 390 миллион теңге бар. Бұның барлығы өтемақы ретінде беріледі", - деп атап өтті Исаева.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарында құс тұмауы анықталды. Осыған байланысты бірнеше елді мекенде шектеу шаралары енгізіліп, құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды.  




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31