Ел жаңалықтары

Қырымбек Көшербаев: Еліміздің болашағын баянды етуге қалтқысыз қызмет ету - әрбір азаматтың ортақ парызы

  • Қырымбек Көшербаев: Еліміздің болашағын баянды етуге қалтқысыз қызмет ету - әрбір азаматтың ортақ парызы

    Қырымбек Көшербаев: Еліміздің болашағын баянды етуге қалтқысыз қызмет ету - әрбір азаматтың ортақ парызы

Байтақ еліміздің болашағын баянды етуге қалтқысыз қызмет ету - әрбір азаматтың ортақ парызы. Бұл туралы «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байтақ еліміздің болашағын баянды етуге қалтқысыз қызмет ету - әрбір азаматтың ортақ парызы, Отанымыздың алдындағы асыл борышы. Әрине кез келген мемлекет өзінің даму жолында барша азаматтың қабілеті мен қарымына, әлеуеті мен адалдығына мән беріп, азаматтық қоғамды ұйымдастыруға бағытталған байыпты саясат жүргізгенде ғана оң нәтижеге қол жеткізетіндігі белгілі. Бұл орайда Тәуелсіздік жылдарында елімізде азаматтық қоғамның орнығуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлшеусіз еңбек сіңірсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы игілікті жолды жалғастырып, үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қызмет атқаруына жол ашып отыр», - деді Мемлекеттік хатшы.

Осы ретте ол мемлекет деген ұғымның өзі тағдыры мен талайы, мүддесі мен мүмкіндігі тоғысқан азаматтардың топтасуынан құралып, біртұтас ел құруға ұмтылған ұлттық құрылым екендігін атап өтті.

«Сондықтан біз азаматтың, қоғамның және мемлекеттің өзара үйлесімді және өрелі үндестікте өмір сүруіне мейлінше мүмкіндік беруіміз керек. Біз қоғам мен мемлекеттің арасына ала жіп тартып, азамат пен мемлекетті араздастыруды мақсат тұтатын бәзбір қағидаларға мүлдем қарсымыз», - деді Қырымбек Көшербаев.




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31