Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қыс қандай болады – синоптиктер болжамы

02 қараша 2020, 15:18

Қазгидрометтің синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

 

"2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аймақтарынан жылы және ылғалды ауа массалары жиі-жиі кіріп тұрды. Жер қабатында белсенді циклондық әрекет байқалып, атмосфералық фронттардың өтуі жиіледі, соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мол түсті", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

 

Метеорологтардың болжауынша, алдағы қыста ел аумағында температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда норма төңірегінде қалыптасады.

 

Желтоқсан мен қаңтарда Қазақстанның батысын қоспағанда, республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, ақпанда жауын-шашын республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, ал оңтүстік-батыстың жартысында норма шамасында түседі. 

 

 

Алдағы көктем қандай болады

 

Көктемнің басы, яғни наурыз айы жылы болады, жауын-шашын аз түседі деп болжанып отыр. Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғарылайды, ал Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында - норма шамасында.

 

Жауын-шашын мөлшері аумақтың көп бөлігінде нормадан аз, солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан тауларында нормадан көп болады деп болжанған.

 

 

 sputnik.kz