Ел жаңалықтары

​Қысқа дайындық: Елімізде жыл сайынғы жол жағдайын тексеру басталды

  • ​Қысқа дайындық: Елімізде жыл сайынғы жол жағдайын тексеру басталды

    ​Қысқа дайындық: Елімізде жыл сайынғы жол жағдайын тексеру басталды

Күзгі және көктемгі уақытта Қазақстан жолшылары еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдарға барып, олардың техникалық жай-күйін қарап тексереді. 

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Күзгі тексеру әдетте қазан айында басталады. Ол нөлдік температура болғанға дейін және қар жамылғысы түспей жатып жүзеге асуы тиіс. Шара «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалдары, «Қазақавтожол» ЖШС және ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің облыстық департаменттерінің күшімен жүргізіледі. Мамандар тасжолдардың жағдайы мен қозғалыс қарқынын зерттеп, қыста қардан қорғайтын қалқандарды орнататын орындарды белгілейді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл көктемгі тексерудің қорытындысы бойынша бекітілген кешенді-мақсатты бағдарламаға сәйкес, жолшылар шұрық-тесік, ойқы-шойқы жолдың 628 мың шаршы метрін жөндеген. 141 мың шаршы метр жол да тегістелді. Бұдан бөлек «Қазақавтожол» компаниясының мамандарымен 19 мыңнан астам жол белгісі, 503 панно, 409 жарықдиотты жол белгісі және көпірлердегі қоршаулардың 2678 метрі орнатылып, алмастырылған. Сондай-ақ 176 көлік павильоны мен демалыс алаңына жөндеу жүргізілді. Ал 4800 шаршы метр жолға шу жолағы орнатылды. Мамандар шақырымдық белгінің 3288 бірлігі мен 34 мың дабыл бағанасын құрған. Сондай-ақ жолшылар 53 мың метрден астам қоршау орнатып, жөндеген. Ал жолдың 34 мың шақырымына жүріс бөлігі сызығы белгіленді.

BAQ.KZ




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 13:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31