Қытай әскері карантинге жабылған Шанхайға медицина мамандарын жіберді

04 сәуір 2022, 16:03

Қытайдың халықтық-азат ету армиясы эпидемияға қарсы күрес жүргізу жұмыстарына көмектесу үшін коронавирустың таралуына байланысты карантинге жабылған Шанхайға екі мыңнан астам медицина маманын жөнелтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

"Әскер Шанхайдағы эпидемияға қарсы күрес жүргізу жұмыстарына көмектесу үшін екі мыңнан астам медицина қызметкерін жіберді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Шанхайға құрлықтағы әскер, әскери-теңіз күштері, тылды қамтамасыз ету бойынша құрлықтағы әскер, әскери-теңіз күштері, тылды қамтамасыз ету бойынша біріккен күштер бағынысындағы жеті медициналық бөлімшенің мамандары жіберілген. Олар ПТР-тест алу және вирус жұқтырғандарды емдеу шараларына қатысады.
Билік жоспарына сәйкес, жаппай тестілеудің екі раундын өткізу және аурудың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті локдаун екі кезеңнен тұрады.

Бірінші локдаун Хуанпу өзенінен шығысқа және оңтүстікке қарай жатқан аудандарда жергілікті уақыт бойынша 28 наурызда сағат 05:00-ден бастап 1 сәуірде 055:00-ге дейін күшіне енді. Екінші кезеңі Хуанпу өзенінен батысқа қарай орналасқан аудандарда 1 сәуірдегі сағат 03:00-ден бастап 5 сәуірдегі 03:00-ге дейін жүреді. Осы уақыт ішінде аталған аудандарда толық оқшаулану енгізіледі.

Өткен тәулікте Шанхайда 425 адамнан коронавирус анықталған және тағы 8 581 адамның симтомсыз вирус жұқтырғаны белгілі болған.

Билік мәліметі бойынша дүйсенбіде Шанхайға елдің барлық аумағынан 20 мыңнан астам медицина қызметкері келген және олардың басым бөлігі Шанхаймен іргелес жатқан Чжэцзян және Цзянсу провинцияларынан жөнелтілген.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың ең ірі қаласы локдаунға жабылғаны туралы хабарлаған едік. Бұл екі жылдағы ең үлкен локдаун болмақ.