Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытай билігі тыңшылық жасады деген күдікпен австралиялық тележүргізушіні қамауға алды

08 ақпан 2021, 18:38

Қытайлық CGTN телеарнасында жұмыс жасаған австралиялық тележүргізушіні Қытай билігі тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алды.

Қытай билігі Австралия үкіметіне Австралия азаматы Чэн Лэй алты ай бақылауда болғаннан кейін қамауға алынғанын хабарлады.

Австралияның сыртқы істер министрі Мариз Пейн өз мәлімдемесінде Қытайда 2020 жылдың 13 тамызынан бері қамауда отырған Ченг Лэйдің ресми түрде 5 ақпанда қамауға алынғанын айтты.

«Қытай билігі Чэн Лэй ханым шетелге мемлекеттік құпияларды берді деген күдікпен қамауға алынды деп мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Мариз Пейн Австралия азаматына қатысты барлық халықаралық нормалар сақталатынынан үмміт етті.

Австралия сыртқы істер министрлігі Чэн Лэйге тағылған айыптар өте ауқымды деп түсіндірді, сондықтан сот ісін жүргізу бірнеше айға созылады деп күтілуде. Тұтқындалған журналистің отбасы мен балалары Мельбурнде тұрады.

«Біз оның кінәсіз екеніне толық сенімдіміз», - деді отбасы өкілі.