Ел жаңалықтары

Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

  • Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

    Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

 Әлем елдерінің тең жартысына жеткен қауіпті індет - коронавирус тараған Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары жаңа тұжырымдамаға келді. Олар бұл дерттен емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Мамандардың пікірінше, коронавирус иынфекцияс адамның өкпе тіні мен иммунды жүйесін зақымдайды. Бұл туралы"Аргументы недели" басылымы жазады.

Бұл дегеніміз - коронавирустан емделіп шыққан адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі мүмкін.

Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн бұл дерттен айыққан науқас өмір бойына демікпеден зардап шегетінін түсіндірді.

"COVID-19 вирусының организмге әсері ОРВИ мен СПИД-тің комбинациясына ұқсайды. Өйткені ол өкпені де, иммунды жүйені де зақымдайды", - деп атап өтті дәрігер.
Ол аурудың ерте сатысында, ең алдымен, өкпені қорғау керек екенін алға тартты.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмония таралып жатқаны туралы хабарлады.

Сарапшылар індеттің қоздырғышын анықтады: ол 2019-nCoV коронавирусы болып шықты.

Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 034 адамды құрап отыр, инфекция 100-ден астам елге жетті.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 3918    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 09:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30