Ел жаңалықтары

Қытай Қазақстанмен шекарасын жабады

  • © tuda-suda.net

    © tuda-suda.net

Алдағы аптада Қытай Қазақстанмен арадағы шекарада орналасқан өткізу бекеттерін үш күнге жауып тастайды. Ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


1 қазанда Қытай халық республикасының құрылған күні аталып өтеді. Осы мемлекеттік мейрамға байланысты 1-3 қазан күндері Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттері жабық болады. Бірақ әуе және теміржол қатынасы жабылмайды. Сондай-ақ "Қорғас" халықаралық орталығындағы өткізу бекеті де жұмыс істейді.


ҚХР-дың құрылған күні – осы елдің негізгі мемлекеттік мейрамы. Мереке жыл сайын аталып өтеді. 1949 жылы Бейжің қаласындағы Тяньаньмэнь алаңында Қытай халық республикасының құрылғаны туралы мәлімдеме жасалды. Бас кезінде осы мейрамда жыл сайын әскери шерулер ұйымдастырылды. Мәдени революцияның нәтижесінде мұндай шаралар тоқтатылған болатын. Дегенмен, 1984 жылы қайтадан қолға алынды. 2009 жылы өткен соңғы әскери шеруде Қытай әскери техниканың соңғы үлгілерін көрсетті.


Қытайда бұл мейрам кезінде бір апта бойы демалыс болады. Қала көшелерінде гүлден сан алуан композициялар жасалып, мерекелік шаралар мен от-шашу болады.


Айта кетейік, биыл Қытай осымен екінші рет шекара бекеттерін жауып отыр. Соңғы рет мұндай шара 1-5 мамыр аралығында болған еді. Ол кезде Көктем мен Еңбек мейрамы тойланды.




 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 13:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31