Қытайда Жазғы Азия ойындары кейінге шегерілді

06 мамыр 2022, 16:04

Биылғы жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтуі тиіс 2022 жылғы Жазғы Азия ойындары шегерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қытайдың Олимпиада комитетімен Ханчжоудағы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 2022 жылы 10-25 қыркүйек аралығына жоспарланған XIX Азия ойындарын кейінге шегерді. Ойынды өткізудің жаңа күні жақында жарияланады", - делінген Азия Олимпиадалық кеңесінің (OCA) сайтында.

Ханчжоудағы Азия ойындарының Ұйымдастыру комитеті жаһандық проблемаларға қарамастан ойындарды өткізуге жақсы дайындалған. Алайда жоғарыда аталған шешімді барлық мүдделі тараптар пандемия жағдайы мен ойын ауқымын мұқият қарастырғаннан кейін қабылдаған.

"19-шы Азия ойындарының атауы мен эмблемасы өзгеріссіз қалады", - делінген кеңес сайтында.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарында 61 дисциплинадан тұратын 40 спорт түрі ұсынылады. Ойындарда 482 алтын медаль сарапқа салынады.