Ел жаңалықтары

Қытайдың сыртқы істер министрі келіп кетті: екі ел қандай келісімге келді?

  • Қытайдың сыртқы істер министрі келіп кетті: екі ел қандай келісімге келді?

    Қытайдың сыртқы істер министрі келіп кетті: екі ел қандай келісімге келді?

Қазақстан мен Қытайдың жаңа бағдарламасы негізгі жобалар аясында кадр алмасуды жеңілдетуге бағытталған

Қазақстан мен Қытай "Алғашқы мың кадр алмасуды қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның" басталғанын жариялады.

Бұл туралы Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо ҚХР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ван Идің Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеді. Қытайдың сыртқы істер министрі Нұр-Сұлтанда қыркүйектің ортасында келіп кеткен еді.

Елші поствирустық кезеңде екі елдің ынтымақтастығы қалай жүзеге асырылатыны туралы айтты.

"Эпидемияның алдын алу және бақылау жүргізу қажеттілігіне байланысты, Қытай мен Қазақстанның арасындағы байланыс бірнеше айдан бері қиындаған еді, бұл әртүрлі салалардағы, соның ішінде инвестиция мен өндірістік қуат саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа белгілі бір деңгейде әсер етті", – деп атап өтті Чжан Сяо.

Сапар барысында тараптар эпидемияның алдын алу мен бақылауды реттеу аясында жан-жақты ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы келісімге келді.

"Екі елдің сыртқы істер министрлері маңызды жобалар аясында кадрлармен және іскер азаматтармен алмасуды жеңілдету үшін "ҚХР мен Қазақстанда алғашқы мың кадр алмасуды қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаның" басталғаны жөнінде мәлімдеді", - деді ҚХР елшісі.

Бағдарлама поствирустық кезеңде кадр алмасуды және қос мемлекет арасындағы офлайн ынтымақтастықты қалпына келтірудің алғашқы сатысы болады.

Отандық сыртқы істер министрлігінің Sputnik Қазақстанға берген мәліметі бойынша, тараптар постпандемиялық кезеңде сауда-экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіру туралы келісімге келді.

"Осы мақсатта бірлескен жобаларға қатысатын Қазақстан мен Қытай мамандарына өзара келіссөз негізінде виза беру мүмкіндігі талқыланды", - деді бұл жөнінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында.

Жобаны жүзеге асыру мерзімінің басталуы туралы қосымша хабарланады.




Көрілген: 231    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 11:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31