Ел жаңалықтары

Қытайлар: Қазақстан бізбен өзенді бөлісу үшін мұнайы мен қыздарын берсін!

  • Қытайлар: Қазақстан бізбен өзенді бөлісу үшін мұнайы мен қыздарын берсін!

    Қытайлар: Қазақстан бізбен өзенді бөлісу үшін мұнайы мен қыздарын берсін!

Ерлан Мазан есімді facebook қолданушысы трансшекаралық өзендер мәселесіне байланысты Қытай ғалымы мен қарапайым қытайлықтардың көзқарасы туралы жазба жариялады, деп жазады qamshy.kz порталы. 
 
Оның айтуынша, Қытайда трансшекаралық өзендер мәселесі көп қозғала бермейді. Алайда жуырда Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының Орталық Азияны зерттеу бөлімінің директоры, аға ғылыми қызметкері Чжаң Нин Қытайдағы қолданушысы ең көп "Басты жаңалықтар" (Toutiao) мобильдік қосымшасына Қазақстан трансшекаралық өзендер мәселесі бойынша алаңдаушылық білдіріп отырғанын жазған.

Ерлан Мазан ғалым алдымен қазақстандық тараптың, әсіресе депутаттардың осы мәселеге байланысты алаңдаушылық білдіріп отырғанын, Қазақстан-Қытай арасында 2001 жылы қыркүйекте келісім жасалып, арнайы комиссия құрылғанын, 2015 жылдан бері трансшекаралық өзендер бойынша квота мәселесі үнемі қаперде ұсталып келе жатқанын еске алғанын жеткізеді.
 
Ерлан Мазан Чжаң Нин жазбасы арқылы мәселеге қатысты қытайлық ғалымдардың негізгі көзқарасын білдіретінін мәлім етіп, Чжаң Нин пікірі ретінде төмендегі ойды келдіреді.

"Біріншіден, Қазақстанда су ресурстары тапшы емес, Қазақстанның шығыс бөлігінде су тапшылығының байқалуына суды үнемдеп пайдаланбау себеп болып отыр. Қуаң жерде егінді көлдетіп суаруға қанша су болса да жетпейді.

Екіншіден, ШҰАР аумағындағы су жүргізу жобалары судың табиғи көбейген бөлігін пайдалануға арналған, аяққы ағысқа жіберілетін судың тарихи орташа мөлшері азайған жоқ, 10 миллиард текше метр су ағып кетіп жатыр.
 
Үшіншіден, су ресурстарын бөліске салғанда, алаптың жалпы экологиялық ортасын ескерумен бірге, жан басына шаққандағы су шығынын да есептеу керек" делінген қытай ғалымының жазбасында.

Ерлан Мазан өзін осы постқа жазылған қарапайым қытайлықтардың пікірі қызықтырғанын жеткізіп, 24 түрлі пікірді келтірген.

"1. Үрімжіні сумен қамтамасыз етеміз деп экологиялық зардап тудыруымызға болмайды, екі ел қатынасына сызат түсуі мүмкін.
2. Ертістегі гидротехника туралы білмеймін, бірақ, Іле бойына шынымен өте көп СЭС пен су қоймалары салынды. Іленің суы Шихоға дейін жетті, жер астымен әкетіліп жатыр.
3. Қазақстанның алаңдаушылығын түсінуге болады, бірақ, өзен басында отырған мемлекеттің су ресурстары мен қоршаған орта жағдайын жақсартуына ақшалай қаражат бөлсін.
4. Іленің суы соңғы екі жылда шынымен азайып барады.
5. Мынадай кілтең сәтте мәселені қиындатудың қажеті жоқ, біз тағы бір он жыл әліптің артын баққанымыз дұрыс.
6. Өзен суын халық санына қарай бөлісуімізге болады, бәріміз адамбыз, біз ірі елміз деп сендерді басынбай-ақ қояйық, 70:1 болсын.
7. Өзеннің басында отырған алдымен өз қарнын тойдыруы керек, өзіміз аш отырсақ, елді қалай жарылқаймыз?
8. Аяқ жақтағы қазақтарға сәлем айтыңдар, жер сілкініп, өзен арнасы бұрылды деп ойласын, су оңтүстікке ағып жатыр, аңсамай-ақ қойыңдар.
9. Олар мұнай мен табиғи газды ресурс есебінде сатып береді, су да ресурс қой, саудаға келісуге болады.
10. Мұнайы мен газы бар емес пе? Ол таусылса, қой мен сиыры бар шығар? болмаса сұлу қыздарын берсе де болады, айырбастауға дайынбыз.
11. Сенің мұнайың сенікі болғанда, менің суым неге менікі болмайды? Бәрі де табиғи ресурс қой.
12. Шынжаң да дамуы қажет, аяқ жақта отырғандардың күңкілдеуге не қақысы бар?
13. Шекарадан станса салып, су ақысын алғанымыз жөн.
14. Орталық Азияны қайтарып алуға қамдана беруіміз керек.
15. Су біздің аумағымызда, қалай пайдаланамыз, оны өзіміз шешеміз.
16. Қазақстанда адам аз, оларға қандай су керек?
17. Қазақтар Кеңес одағының тонынан шыққан, шешімі оңай.
18. Қазақтарды сумен тізгіндеу керек, көнбесе суді үзіп тастаймыз.
19. Қазақтар кен байлығын бізбен қашан бөлісіп еді?
20. Қытай Азияның су ресурсын жамбасына басып жатыр, бәрінің тағдыры біздің қолымызда, осыны ойласам, қыбым қанады.
21. Су керек пе? Бізбен біріксін.
22. Балқаш пен Зайсанның шығысындағы ежелгі территориямызды қайтарса, мәселе шешілгелі тұр.
23. Оларға түсіндіріп отырудың қажеті жоқ.
24. Ережеге бағынбасақ, қысқа мезгілге пайда көргенімізбен, түптің түбінде оқшауланып қаламыз.
.................................................................
Осылай жалғаса береді" делінген Ерлан Мазанның жазбасында.
 
Сондай-ақ ол Toutiao қосымшасының қолданушылары дені орта білімді екенін, олардың көзқарасы Қытайдың ресми ұстанымын білдірмейтінін айтады.
 
"Олар Қытай қоғамының төменгі табының, ұлтшылдықпен уланған, коммунистік режім салдарынан этикалық дағдарысқа ұшыраған тобыр қытайлардың үні. Мәселеге түсіністікпен қарағандар бар, бірақ, жазылған 200-ден астам пікірдің көпшілігі ұрда-жық ұрандарға толы, өзімшілдік пен менменшілдіктен көз ашпаған олардың бұл пікірін тіптен ілікке алудың қажеті де жоқ шығар, дегенмен, қарапайым қытайлықтардың не ойлайтыны сізді де қызықтырар деп, біразын аударып ұсынып отырмын" дейді Ерлан Мазан facebook-тегі парақшасында.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100039084435778&fref=nf




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 19:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30